Егер сіздің бір жерге хат-хабар немесе сәлемдеме жібергіңіз келсе, төмендегі ақпараттың пайдасы тиюі мүмкін.

Қазақстандағы ұлттық пошта байланысының операторы – «ҚазПошта» АҚ. «ҚазПошта» негізгі қызметтерімен қоса хат-хабарларды жеткізіп беру, сәлемдемелерді жіберу, EMS-Kazpost жедел жеткізу, ақша аудару және төлем қағаздары бойынша қызмет көрсету сияқты жұмыстарды жүзеге асырды. Сондай-ақ пошта бөлімшелері коммуналдық төлемдерді қабылдап, есептеу, зейнетақы, жәрдемақылар жеткізу, баспа өнімдерін тарату сияқты қызметтерді ұсынады.

Сайты:  kazpost.kz

Пошталық және курьерлік жұмыстармен «ҚазПоштадан» басқа жеке компаниялар да айналысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz