ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ. БАҒДАРШАМДАР
Интеллектуалды көлік жүйесін кез-келген заманауи қаланың логистикасын басқару құрылымының міндетті элементі деп атауға болады. Ол көлік құралдарының есебін автоматты режимде жүргізуге мүмкіндік беріп, алынған деректер негізінде едәуір жүктелген учаскеде басым бағыттыөткізу шешімін қабылдайды.
Жол-көлік инфрақұрылымы
Урбанистік сәулеттің объектілері – бұл қаланың келбеті, оның «визит картасы» болып саналады. Қазақстанның астанасы өзінің бірқилы құрылымдарымен – бірегей авторлық әкімшілік, мәдени және тұрғын-үй ғимараттармен әйгілі. Қазіргі Астананың келбетіндегі маңызды рольді қаланың оң мен сол жағалауын байланыстыратын көпірлер, сондай-ақ теміржол өтпелері мен көлік айрықтары атқарып тұр. Бүгінгі таңда біздің Елордамызда 25 көпір, 11 теміржол өтпесі, 8 көлік айрығы, 7 жерасты және 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі бар.