2178

Астанада Әбіш Кекілбаевтың атындағы оқу залы ашылды

Халық жазушысының 80 жылдығының құрметіне елордада бірқатар шара өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жазушы тұрған Қонаев көшесі, 11 мекен-жайындағы үйдің қасбетіне бүгін мемориалдық тақта орнатылды.

«Әбекеңнің дүниеден озғанынан біраз уақыт өткенмен, бұған көну мүмкін емес. Оның кейпі біздің көз алдымыздан кетпейді. Бұл мемориалдық тақта халыққа Әбекеңнің артында мол мұрасының қалғандығын жеткізу үшін орнатылып отыр. Оның туындыларын болашақ ұрпақтар оқитын болады», - деді Әбіш Кекілбаевтың досы, атақты жазушы Төлен Әбдік.  

Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабаева, жазушының туған-туысқандары мен Кекілбаевтер әулиетінің дос-жарандары қатысты.  

Ал Ұлттық академиялық кітапханада Әбіш Кекілбаев атындағы оқу залы ашылды. Мұнда қонақтардың назарына жазушының кітаптары ұсынылды.

«Біз Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы барлық азаматтар үшін қолжетімді болғанын қалаймыз. Мұнда ол қолданған кітаптар жиналған. Өскелең ұрпақтың өкілдері менің атам жазған кітаптарды оқи отырып, оның сезімдерін түсініп, сол сезімдерді өздері де кешеді деп үміттенемін», - деді Әбіш Кекілбаевтың немересі Абыл Кекілбаев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109