372

Қараша айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам қаржы түскен

Жарналардың біраз бөлігі Астана және Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан түсуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

МӘМСҚ-да белгілі болғандай, 2018 жылдың 1-30 қараша аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам қаржы аударылды.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қараша аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер аударған жарналарының жалпы сомасы 122,47 млрд теңгені құрады», - делінген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қоғаммен байланыс департаменті таратқан хабарламада.

Оның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілерге, 8,64 млрд теңгесі (шамамен 7%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін адамдарға тиесілі.

Түсімдер сомасының көп бөлігі Астана және Алматы қалаларынан және Қарағанды облысынан түсуде.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен барлық түсімдер (МӘМС) Ұлттық банкте сақтаулы. Банкпен сенімгерлік басқару бойынша шарт жасалып, кейіннен ОСМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге бағытталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109