454

ПИК жұмысында астаналықтарға не ұнамайды

Қала тұрғындары көбіне ғимарат төбесінен судың ағуына, инженерлік желілердің, жертөле ғимараттарының қанағаттанарлықсыз жай-күйіне қатысты шағым түсірген, Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы кондоминиум нысаны мен ПИК басқару органдарын тексеру шараларын жүргізді.

Ведомствода белгілі болғандай, сәуір айынан бастап 486 кондоминиум нысаны мен ПИК-ді басқару органдарында 1 175 тексеру шаралары жүргізілген.

«Қала тұрғындары көбіне ғимарат төбесінен судың ағуына, инженерлік желілердің, жертөле ғимараттарының қанағаттанарлықсыз жай-күйіне, жылыту маусымына дайындық кестесін бұзылуына, сондай-ақ, ғимараттардың қасбеттерінің, жабындыларының, подъездерінің күтіліміне, тазалау жұмыстарының өткізілмеуіне, пәтер иелеріне тоқсан сайынғы есептің берілмеуіне, кондоминиум әр нысанының сақтандыру және ағымдағы шотының болмауына, көктемгі және күзгі кезеңде тұрғын үй қоры жағдайының жоспарлы түрде сараланбайтындығына қатысты шағым түсірген», - деп атап өтті басқармада.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде қызмет көрсететін ұйымдардың 466 жетекшісіне анықталған олқылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдар берілді.

11 нысан бойынша басқарма қызметкерлері берген ұйғарымдағы ұсыныстардың орындалмағандығына орай соттың шешімі бар.  Дәлірек айтқанда, әкімшілік жауапкершілікке ««Сайран ТК» ҚКК, «Тұрмыс» ЖШС, «Адал» ПИК, «Ақиқат» ПИК, «Көктем»ТК» ҚКК, «Іскер Астана 2014» ПИК, «Шапағат нұры» ЖШС жетекшілігі тартылды.

«Жүргізілген тексеріс жұмыстарының қорытындысы бойынша тұрғындар үшін жағдайының жақсаруына қатысты жәйттер де жоқ емес. Биыл 91 үйдің подъездінде жөндеу жұмыстары жүргізілді, 45 үй төбесінің жабындысы, 82 үйдің қасбеттері жөнделді», - делінген хабарламада.  

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметіне сүйенсек, сәуір айынан бастап ПИК жұмысына қатысты 500 шағым түскен. Бүгінгі таңда аталмыш мәселелердің барлығы өз шешімін тапқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109