1813

Полицейлер елорданың СОСО-да ұрлық жасады деген күдікпен Түркістан облысының азаматын ұстады

Астанада сауда-сауық орталықтарынан сыртқы киімдерді ұрлады деген күдікпен 32 жастағы Түркістан облысының азаматы ұсталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Қылмыстық полицияның ақпараты бойынша, Түркістан облысының азаматының елорда  СОСО бутиктерінен мүлікті ұрлаудың 7 фактісіне қатысы бар.

«Киім сатылатын бөлімдерге кірген ол киім өлшейтін орынға бірнеше сыртқы киімді алған. Өзіне ұнаған киімнен ол магнитті жапсырмасын алып, жаңа киімнің үстіне ескі сыртқы киімін киіп бутиктерден еш қиындықсыз шығады екен. Ұрлықты ол демалыс және мереке күндері, яғни СОСО-да адамдар көп жиналатын уақытта жасаған», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталмыш тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті аталмыш тұлғаның әрекетінен зардап шеккен немесе оның заңға қарсы әрекеті туралы қандай да бір ақпараттан хабардар азаматтарды Астананың полиция департаментіне (Бейбітшілік, 19) 8 (7172)-71-61-07, 8 (778) 388-8786 немесе 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109