846

Жыл басынан бас бостандығын айыру мекемелерінен босап шыққан және шартты түрде бас бостандығынан айырылған 69 азамат жұмыспен қамтылды

Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы аталмыш санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша пәрменді шараларды қолға алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ведомствода белгілі болғандай,  Астанада бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан 30 азамат пен бас бостандығынан шартты түрде айырылған 39 азамат жұмысқа орналастырылды.

Бұдан бөлек жазасын өтеп келген азаматтардың кәсіби білім алуына, бизнес- идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік беріледі.

«Мысалы, бұрынғы сотталушы арнайы курста слесарь-сантехник мамандығына оқып, курс аяқталған соң өз ісін ашу үшін 240 500 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды», - делінген хабарламада.

Астана қаласы әкімінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 158-2247 «Астана қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, жұмыс берушілер жазасын өтеп келгендерге және шартты түрде жазасын өтеуші азаматтар үшін  1% жұмыс орнын беру бойынша квота қарастырылған.

«Мемлекеттік еңбек инспекторлары белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындау бойынша тексеру жүргізіледі. Квоталық тәртіп бұзылған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады.

Қазіргі таңда «Астана РЭК» АҚ-да жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізілді. «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы» заңның бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жұмыс беруші тартылуда», делінген ведомство хабарламасында.

Жазасын өтеп келгендерді және шартты түрде жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге арналған жиында осы категорияға жататын азаматтарды барынша жұмыспен қамту жайы айтылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109