Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2188

«Шабыт» фестивалі: «Хореография» аталымында екі жүзден астам биші сайысқа түсуде

«Шабыт» фестивалі аясында «Хореография» аталымы бойынша қатысушылар «Жастар» театрының сахнасында өнер көрсетуде. Қазақстанның аймақтарынан, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттерінен келген 26 ұжым мен солистер, барлығы 238 биші елордада халық билерін орындау бойынша жарысуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

«Қазылар алқасының мүшелерінің барлығы да бұрын биші болған. Әрқайсысының хореографияда мол тәжірибесі бар. Біз екінші турға 12 ұжым мен солистерді таңдадық. Қатысушылардың дайындық деңгейлері әртүрлі. Өте мықты бишілер де бар, ал кейбірі байқауға салғырт қараған, дайындықтары нашар. Біз де, қарапайым көрермен де биді жай тамашалап қана қоймай, оның әдемі болғанын қалаймыз. Номердің костюмдері, музыкасы, хореографиясы, барлығы үйлесіп тұрса, ол назардан тыс қалмайды, - дейді қазылар алқасының төрайымы Қадиша Ағымбаева.

Хореограф Сырға Латыпова «Шабыт» фестиваліне «Шаттық» халық биі ансамблімен бірге Қырғызстаннан келген.  Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерінің шәкірттері фестивальде бұрын да бағын сынаған. Әр жылдары оның тәрбиеленушілері «Шабыт» лауреаттары атанса, бүгінгі таңда хореография өнерінің шебері және еңбек сіңірген педагог атағына ие.

«Бір жылдары «Шабытта» бағын сынап, жүлделі орындар алған шәкірттерім, бүгін мәдениет және білім озаттары. «Шабыт» оларды өнер жолына жетеледі, олардың кәсіпқой ретінде қалыптасуына серпін берді. Республикада жастарға арналған осындай байқаулар мен фестивальдердің өткізілетіні жақсы. Себебі, бұл жастар шығармашылықтағы майталмандарды алмастырады, біз оларды дайындаймыз, жаңа есімдерді ашамыз, ұрпақтар сабақтастығы бар. Биыл сайысқа 16-17 жастағы 17 бишімыз қатысып жатыр. Әрбір композицияны орындаған кезде менің шәкірттерім өздерінің дербестігін, ерекшелігін көрсетуге тырысты. Біз ойымызды іске асырдық деп ойлаймын», - деді қырғызстандық ансамбльдің жетекшісі.

Аталмыш аталым бойынша қазылар алқасы құрамында «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қадиша Ағымбаева, Шешенстан Республикасының халық әртісі, барша әлемге танымал «Вайнах» ансамблінің көркемдік жетекшісі Аднан Мажидов, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі Нұрлан Каметов, «Шалқыма» халық биі ансамблінің көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері Абдурасул Есекеев, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Айгүл Күлбекова бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109