Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

637

Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары ішінара жабылады

«Астана» - «Яблонец» арасында өтетін кездесуге байланысты 8 қарашада, яғни бүгін сағат 20:00 мен 22:00 аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының Керей - Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі аралығы ішінара жабық болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезінде басымдық қоғамдық көліктерге беріледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне абай болып мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен қатынауға кеңес береді. Ал халықаралық аэропортқа және қала маңындағы ауылдарға баратын көлік иелеріне жол бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Сонымен қатар, көрермендер үшін арнайы «Shuttle-bus» автобустары ұйымдастырылады. Жанкүйерлерді қоғамдық көліктер сағат 20:00-ден бастап келесі орындарда күтетін болады .

  • «Қазақстан» СК тұрағы;
  • «Нұр Астана» мешіті тұрағы;
  • «Цирк» тұрағы.

Арнайы «Шаттл-автобус» автобустарында жүру құны қалалық қоғамдық көліктердегі жолақысымен бірдей. Автобустар матч аяқталғаннан кейін де кері бағытта қатынайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109