Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

548

Астанада үздік әскери журналистер марапатталды

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Әскер медиа-2018» республикалық баспасөз байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл аталған байқауға отандық масс-медиамен қатар, шетелдік БАҚ өкілдері де қатысты. Қазылар алқасы 400-ден астам журналистің жұмысын саралады.

Фестивальдің қорытындысы бойынша, «Үздік телебағдарлама» аталымында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының қызметкері Серғали Жарылқасынов жеңіске жетті. Қазылар алқасының пікірінше, «Үздік радио бағдарламасы» атағына Мұхтар Тұртайұлының жұмысы лайықты деп танылды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы шетелдік басылымдағы ең үздік материал» номинациясы бойынша «Звезда» (РФ) телеарнасының тілшісі Алексей Самолетов марапатқа ие болды. «Баспасөздегі үздік материал» номинациясы бойынша «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Фархат Кинжитаев, «Ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс» номинациясы бойынша «Қазақпарат» агенттігінің тілшісі Арман Асқаров жеңімпаз атанды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109