Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2623

Мемлекет көмегімен көпқабатты үйдің шатырын қалай жаңартса болады

Шатырды ауыстыру бойынша жұмыстар өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі таңда Затаевич, 11, Жирентаев, 19, Ш.Құдайберді ұлы, 14, Абылайхан, 27/1 мекен-жайында орналасқан көпқабатты үйлердің шатыры жаңартылған.

«Алдында бұл үйлердің шатыры тозып кетті, сол себепті шатырдан су аға беретін», - дейді «Өркен қала» қайта жаңарту бөлімінің бастығы Болат Түгелбаев.

Шатыры тозған, су ағатын үйлердің шатырын жаңарту үшін мемлекет тарапынан арнайы көмек жүйесі бар. Тозған шатырды жаңарту мәселесін сол үйдің тұрғындары жалпы жиналыста шешеді де, пәтер иелері қалалық орта сапасын бақылау басқармасына шатырды ауыстыруға өтініш жазады. Аталған нысанға комиссия барып көріп, смета жасайды. Егер үйдің  70 % астам тұрғыны келіссе шатыр жаңартылады. Жөндеу жұмысын жүргізетін компанияны тұрғындар өздері таңдайды. Қаржы 15 жылға беріледі.  

Алда Мәмбетов 6,8, 8/1, 8/2, 8/3, Күйші Дина 42/2, Манас 23/5 және Мүсірепов 6/4 мекенжайдағы үйлерге күрделі жөндеу жүргелі жатыр.

«Жаңа шатыр орнатқанда біз бетон құямыз ол бұрынғы цементтен әлдеқайда жақсы және оған кепілдік мерзімі бар», - деді Б.Түгелбаев.

Айта кетейік, осы бағдарлама бойынша өткен жылы 12 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жүрген, соның үшеуінің шатыры жаңартылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109