1281

Астанада шамамен 800 отбасыға жаңа форматтағы АӘК белгіленді

Жыл басынан бері Астанада 776 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек бекітілген. Одан бөлек 11 мыңнан астам адамға АӘК беру туралы кеңес берілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпаратынша, жыл басынан бері жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек Астанада 776 отбасыға немесе 3876 адамға берілген және келісілген ақшалай көмекті 362 отбасы алған немесе 2136 адам. Ал, шартсыз ақшалай көмекті 429 отбасы немесе 1814 адам алды.

Еске сала кетейік, жаңа форматтағы АӘК 2018 жылдың қаңтарынан бастап енгізілген. Ол аз қамтылған отбасылар үшін төленетін қолданыстағы үш әлеуметтік көмектің басын біріктірді. Олар төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

Жаңа форматтағы АӘК көрсетудің бірыңғай өлшемі жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ең төменгі күнкөріс деңгейі үшін 3 тоқсан – 32 993 теңге) айлық орташа табыстың 50 %-дан төмен болуы (16 497 теңге, 4-тоқсанға). Жаңа форматты АӘК жіктелуі 2 түрі бар: шартсыз және келісілген. Шартсыз ақшалай көмек объективті себептер бойынша қатыса алмайтындарға көрсететін болады:

- аз қамтамасыз етілген отбасыларға, барлық отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер немесе екі ай көлемінде еңбекке жарамсыз, жеті жасқа дейінгі балаға күтім жүргізетін,  мүгедек, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек, қарттарға, бөгде адамның күтіміне және көмек көрсетуіне мұқтаж;

- жалғызбасты немесе жалғыз тұратын мүмкіндіктері шектеулі аз қамтылған тұлғаларға және бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне байланысты жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ жандар;

- жалғызбасты немесе жалғыз тұратын мүмкіндіктері шектеулі аз қамтылған тұлғаларға ауруына байланысты екі айдан астам уақыт жұмыс жасай алмайтындарға;

Ал келісілген ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылардың және олармен әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда оларды міндетті түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Яғни, әрбір еңбекке жарамды отбасы мүшесі мемлекеттік көмекті ала отырып, бейімдеу жағдайына қатысуы не «Жұмыспен нәтижелі қамтуға және 2017 – 2021 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлік» оқыту бағдарламасына қатыса отырып кейіннен жұмысқа орналасу немесе микрокредит алып кәсіпкерлікпен айналысу арқылы өзін аз қамтылған отбасы қатарынан шығару.

Барлық сұрақтар бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласыңыздар тел: 55-68-22, 55-68-40, 55-68-45, 55-68-34.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109