Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

7312

Б. Сұлтанов қалада салынып жатқан ірі құрылыс алаңдарын аралады

Қаланы аралау барысында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларын, құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигон, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірді, сондай-ақ Мыңжылдықтар аллеясы құрылысымен танысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысының орындалып жатқанын тексеріп шықты.

Аралау барысында Б. Сұлтанов салынып жатқан LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларында болды. Қазіргі таңда құрылысшылар инженерлік желілер мен желі қадалары мен арқалықтарын дайындауда. Жобаны іске асыру барысы туралы Астана қаласының әкіміне «LRT құрылысы жөніндегі дирекция» ЖШС директоры Адильша Ермұханов баяндады.

Жоспарға сәйкес, ЛРТ әуежай мен жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырады. Эстакаданың ұзақтығы 22,4 км, қала бойынша 18 станция және 19 бірлік жылжымалы құрам болады.

Анықтама:
Құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі жобасы 2017 жылы мамыр айында қытай компаниялары кәсіпорындарының консорциумы күшімен басталған. Осы жылдың 13 қыркүйегінде нысанда мынадай жұмыстар атқарылды:

- буронабивті қадалар – 3 764 дана (90% - жоба бойынша барлығы 4 203 дана);
- ростверт – 675 дана (61% - жалпы жоба бойынша 1 110 дана);
- тіректер және колонналар – 455 дана (41% - жоба бойынша барлығы 1 114 дана);
- құрама арқалықтар – 268 дана (34% - жоба бойынша барлығы 782 дана);
- депо объектілерінде 3 687 қада қағылды.

Қазіргі таңда жылу желілерінің 98% дайын (қайта құрылды) (2,2 км), су құбыры 89% (3,2 км), шаруашылық-тұрмыстық және нөсерлік кәріздің 65% (6,2 км), электрмен жабдықтау желілері 90%-ға (100,3 км), байланыс 97% (165 км) атқарылған. Осы жылы жұмыстар толық аяқталады.

Құрылыс нысанының желілерінде шамамен екі жарым мың жұмысшы және 155 бірлік ауыр техника жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигонды, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірге барды.

Аралау қорытындысы бойынша дирекция кеңсесінде көшпелі отырыс өткізіліп, онда Астана әкімі «ЛРТ құрылысы жобасын көрсетілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді» тапсырды.

Сондай-ақ, Б. Сұлтановқа Мыңжылдықтар аллеясының (Алматы ауданы) құрылысы бойынша нақты жоспарларды таныстырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109