Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

1688

Астанада 100 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпеден өтеді

Астананың денсаулық сақтау басқармасы тәуекел тобына жататын 100 мыңнан астам адамды тұмауға қарсы екпеден өткізуді жоспарлап отыр. Вакцинаны сатып алуға қажетті  қаражатты қала әкімдігі бөлді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астананың № 9 емханасында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинаны бірінші қазаннан бастайтынын айтты. Вакцинадан ақысыз түрде балалар, медицина қызметкерлері, қаланың шұғыл қызметінің жұмысшылары және де әлеуметтік жабық мекемелердегі – балалар үйі мен қарттар үйінің қызметкерлері өтеді. Ал халықтың негізгі бөлігі үшін ақылы медициналық пункттер ашылды. Ресей вакцинасының бағасы 1600-2000 теңге, басқа вакциналардың бағасы мәселен голландық вакцинаның орта бағасы 2800 теңге. Тұмаудан стационарлық емделуге кететін ақша – 130 мың теңге, амбулатория – 20 мың теңге. 

Оның келтірген деректеріне қарасақ, алдағы маусымда үш штамм бойынша айналым болады - А (H1N1) типіндегі екі штамм – Мичиган, А (H3N2) – Сингапур және де B – Колорадо.

«Олардың ерекшелігі антигенді құрылымында жатыр. Әсіресе мутация және А типіндегі рекомбинация көбірек тартылған: ол құрылымын жиі өзгертеді және түрі өзгермелі. Тұмау – бұл әбден зерттелген инфекция, дей тұрғанмен белгісіз жағы да бар. Өйткені, мутация үнемі жүріп тұрады әрі вирус құрылымының өзгерісі және вакцинология оны әрдайым бақылап, өзгерістің мән-жайын аңғарып, жыл сайын жаңа вакцинаға дайын тұру керек. Мысалы өткен жылы және оның алдыңғы маусымында антигенді құрылым ауыса қойған жоқ, себебі сол вирустар айналымда болды. Осы жылы вирустар ауысады деген болжам бар, яғни жаңа екі А – Сингапур және В – Колорадо үлгісіндегі вирустар айналымда болады», - деп түсіндірді ол.

Осы топтың ішінде ең қауіптісі А үлгісі, ол иммунитеті жоқ халықтың 20 пайызына жуығын үнемі мутацияға ұшыратады.

«Сол себепті адамдарға профилактикалық шаралар қолдану қажет: иммунитетті жоғарылату, дұрыс тамақтану режимі, ұйқы режимі, ағзаның суықтап қалуынан қорғану. Денеге суық тию – негізгі себептің бірі, бұл респираторлық вирусты инфекцияның көтеріліп кетуіне, әсіресе тұмаудың  дамуына әсер етеді. Тұмау негізі тез ушығатын ауру. Ол ары қарай асқынған аурулары бар адамдарды өмір бойы емделіп жүруіне алып келеді.  Миокардит, перикардит осы аурудың салдары. Тұмау және өткір респираторлық жұқпалы аурулардың ауыр түрі.  Басқа да аурулар: эндокринді, бауыр ауруы, бүйрек, өкпе, жоғары тыныс алу жолдары – осы ерте бастан болған тұмаудың салдары», - деді Ж. Бекшин.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109