Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

696

15 қыркүйекте «Astana Marathon 2018» шарасына қатысушыларды тіркеу аяқталады

15 қыркүйек күні «Astana Marathon 2018» аясында 10 км дистанцияға жүгіруге ниетті жандарды тіркеу аяқталады. Соңғы тіркеу шаралары мен жарысқа қатысушылардың «пакеттерін» тарату жұмыстары 14-15 қыркүйекте Астанада Достық к-сі, 2 (Astana Marriott Hotel, 3-қабат) мекенжайы бойынша Astana Marathon EXPO 2018 спорттық көрмесінде жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Astana Marathon 2018» көрмесі шеңберінде кәсіпқой жаттықтырушылар, коучтар мен спортшылар жүгіру мен спорт тақырыптарында дәрістер оқиды. Сонымен қатар қатысушылар марафон, оның маршруты, жарыс қорытындысын есептеу жүйесі туралы толық ақпарат алады, сондай-ақ жүгіру техникасы мен дистанцияларда төзімділікті арттыру құпияларымен және кеңестермен танысады.

Мұнымен қоса, «Astana Marathon» негізін қалаушы және ұйымдастырушы Гаухар Брамлей-Фентон сөз сөйлеп, өзінің жарыс өткізу мен ұйымдастырудың мол тәжірибесімен бөліседі.

Көрмеде марафонға дайындық шараларынан басқа, «Astana Marathon 2018» марафоны қолдау көрсететін қайырымдылық қорлар мен жарыстың корпоративтік қатысушылары да таныстырылады.

Көрменің жұмыс кестесі:

14 қыркүйек – 11:00-20:00

15 қыркүйек – 10:00-18:00

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Астанада Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді. Қазіргі кезде шараға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден, атап айтқанда, Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Грузия, Люксембург және Испания мемлекеттерінен қатысатын 4011 адам (оның ішінде 800 адам – 42,2 км жүгіреді) тіркелді. Ұйымдастырушылар қатысушылар саны 5000-ға жуықтайды деп отыр.

Astana Marathon-2018 жасы 18-ден асқан қатысушыларға 42.2 км және 16-дан асқандарға 10 км қашықтықты бағындыруды ұсынады. Марафонға қатысу үшін www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеуден өту қажет. 10 км дистанцияға қатысушыларды тіркеу 15 қыркүйекте Astana Marathon EXPO 2018 спорттық жәрмеңкесінде сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Қатысу құны - 4000 теңге.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109