Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

1426

Елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылады

15 қыркүйек күні аталмыш акцияға әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн-ға жуық адам қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қоқыстардың шектен тыс мөлшерде көбейіп кетуі қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналды. Жыл сайын біздің ғаламшарда 4 млрд тоннаға жуық қалдық пайда болады.

15 қыркүйек күні біздің елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясына қосылады. Акция 2008 жылы Эстония елінен бастау алған, онда 50 000 ерікті 5 сағаттың ішінде елді 10 000 тонна қоқыстан тазартқан.

15 қыркүйек күні аталмыш акцияға әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн-ға жуық адам қатысады деп күтілуде. Бұл акцияның бірегейлігі мынада, жиналған қалдықтар сұрыпталып, қайта өңдеу зауытына жөнелтіледі. Жоба азаматтық бастамамен тазалықты сақтау, жаңа экологиялық мәдениетті құру. Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын біздің қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуға шақырамыз.

Сарыарқа ауданы: Сарыбұлақ өзенінің бойында (жиналу орны «Алланың гүлі» мешіттің қасында); № 14 мектеп; Алматы ауданы: - «Нұрлы жол» вокзалының аумағында (жиналу орны «Нұрлы жол» вокзалының қасында); - № 37 мектеп. Сол жерде құрал-саймандар беріледі. Акцияның өтетін уақыты: 9:30-дан 13:00-ге дейін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109