Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

1069

Астана тұңғыш рет үздік хор өнері ұжымдарын жинамақшы

«Астана – бейбітшілік дауысы»  ірі ауқымды музыкалық жоба - халықаралық фестивалі 5-11 қыркүйек аралығында өтеді. Ол VI «Қауіпсіз әлем үшін діни лидерлер» Әлемдік лидерлер және дәстүрлі діндер съезінің шеңберінде ұйымдастырылды, сондай-ақ Астананың 20 жылдығына арналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Бір сахнада бес құрлықтан келген түрлі діндер мен конфессияның атынан 25 елдің 500 артисі өнер көрсетеді. (АҚШ, Канада, Португалия, ОАР, Австралия, Израиль, Венгрия, Италия, Түркия, Болгария және басқалары).

Бейбітшілікті қолдауға арналған музыка мерекесіне әлемдік деңгейдегі дирижерлер   және халықаралық премия жүлдегерлері – композитор, орындаушылар Амикаэла Гастон (АҚШ), дирижер – Габор Холлерунг (Венгрия), Зимфира Полоз (Канада), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов, Гүлмира Құттыбадамова және басқалары.

Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының бас дирижері және жетекшісі Бейімбет Демеуов бүгін «Астана – бейбітшілік дауысы» фестивалін дәстүрлі түрде өткізу мәселесі қаралып жатқанын айтты.

«Осы жылы елімізде алғаш рет айтулы оқиға хор дирижерінің бірлестігі, хор – мейстрлердің республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестік қандай да бір концерт, фестиваль, жобаларды үлкен қалаларда ғана емес шағын қалаларда да ұйымдастыра алады. Себебі, барлық қаладағы облыс жанындағы филармонияда нағыз камералық хоры бар. Бізде хор өнері айтарлықтай дамыған. Бұл осындай фестиваль ұйымдастыруға өте жақсы идея. Болашақта аталмыш фестивалді екі-үш жылда бір рет өткізіп тұрамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Бейімбет Демеуов.

«Қазақстан хор дирижері» республикалық қоғамдық бірлестігін ҚР Мәдениет және спорт министрігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Айта кетейік, фестиваль күні концерттік бағдарламадан бөлек түрлі флэш-мобтар мен хор өнерінің жетекші шеберлері мастер-клас өткізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109