Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

836

Полиция қызметкерлері өз ұрлығын видеоға түсірген ер адамды ұстады

ІІД қызметкерлері Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынын қылмыс үстінде қолға түсірген. Ол 9-нан 10 қыркүйекке қараған түні 5 автокөлікті тонаған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, күдікті бір сценарий бойынша әрекет еткен. Ол көліктердің есік құлпын ашып салонға енген. Ол көліктен автомагнитолла, көлік иесінің жеке заттары мен басқа да мүліктерді алған. Барлық ұрлық түнгі сағат 2 мен таңғы сағат 5 аралығында жасалған.

Тонаушы ұрлық жасаумен бірге өз ұрлығын бейнетаспаға жазған. Полиция қызметкерлері тәркілеген бейнетаспаға қарағанда көлік тонау өзіне ләззат сыйлайтын сияқты. Көлік тонаудан бөлек, ол көлік ішіндегі заттарды сындырған.

10 қыркүйек күнгі түнгі жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Оның қылмысы бейнетаспаға түсіп қалған. Күдіктінің бұдан бұрын да осындай қылмысқа байланысты жауапқа тартылғаны анықталды.

Тергеу-тексеру барысында күдікті қыркүйек айының 9-нан 10-на қараған түнде 5 көлікті тонағанын толық мойындаған. Тоналған заттар көлік иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат ІІД-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Сонымен қатар, бұрын жасалған ұрлықтарға қатысы бары тексеріледі.

Автокөлікті айдап кету мен тонауды болдырмау үшін полиция қызметкерлері көлік иелеріне көліктерін күзет дабылымен жабдықтауды және күзетілетін автотұрақтар, паркингтерге  немесе бейнетаспамен және жарығы бар аулаларға қоюға кеңес береді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109