Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

409

Елордалық спортшылар таэквондодан Ашық Азия чемпионатында 12 медаль олжалады

Атырауда Азия құрлығының спортшылары арасында таэквандодан І Ашық чемпионат аяқталды. Рейтингтік турнирге түрлі мемлекеттерден 300-ден аса спортшы қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Жарыста Астананың атынан Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің (МЖСШМ) тәрбиеленушілері мен «Жігер» спорт клубының атлеттері күш сынасты. Елордалық спортшылар жарысты жақсы нәтижемен аяқтады.  Чемпионат қорытындысы бойынша астаналық таэквондошылар 12 медаль олжалады. 

МЖСШМ спортшылары Ашық Азия чемпионатынан елге алты жүлде олжалады. Меруерт Көпболсынова мен Эльдар Биримбай алтын алса, Айнагүл Батыр, Ботагөз Қосмағамбет пен Әлішер Бесембай күміске қол жеткізді. Сапарғали Әбдірашев қоланы қанағат тұтты.

«Жігер» спорт клубының 6 спортшысы жарыста үздік нәтижелер көрсетті. Әли Қайырғалиев, Снежана Кан, Филия Ковба чемпион атанса, Аделя Құрманова мен Наргиз Ғазиз екінші орын алды, Венера Жаркей қола жүлде иеленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109