
iKomek 109
iKomek 109 туралы
Бүгінде Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіреді және 24/7 тәртібінде жұмыс жасайтын қала тұрғындарымен байланысатын жалғыз орын болып табылады.
Барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіледі және мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін әрі қарай мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жіберіледі.
Тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының негізгі мақсаты – тұрғындардың 90%-ға дейінгі мәселелерін қашықтан операциялық деңгейде шешу. Бүгінгі таңда тұрғындардың өтініштерінің 90,1 пайызы бірінші қоңыраудан шешілуде.
Күнделікті iKOMEK109 операторлары 7 мыңнан 29 мыңға дейін қоңырау қабылдайды. Өтініштерді өңдеу пайызы 99% құрайды. iKOMEK орталығының қызметтер каталогында 2500 астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады.
iKomek орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді барлық байланыс арналары арқылы қабылдайды:
- Қалалық әкімдік сайты www.astana.gov.kz
- Telegram чат-боты: https://t.me/nursultanikomek109_bot
- iKOMEK 109 мобильді қосымшасы (PlayMarket https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.techman.ikomek&pcampaignid=MKT-Other-global-all-co-prtnr-py-PartBadge-Mar2515-1 немесе Apple store https://apps.apple.com/kz/app/ikomek-109/id1566836724)
- Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket | AppStore)
- 109@ikomekastana.kz электрондық мекенжайы
- Қалалық және мобильді телефондардан 109 нөміріне тегін қоңырау шалу
Байланыс орталықтары саласындағы халықаралық сарапшылар жыл сайын iKOMEK109 қалалық орталығын ТМД-дағы үздіктердің үздігі деп мойындап отыр.
- 2019 жылы «Байланыс орталығын құрудың/біріктірудің үздік жобасы»
- 2020 жылы «Клиенттерді талдаудың, зерттеу мен түсінудің үздік тәжірибесі»
- 2021 «Цифрлық жаңғырту мен трансформациялаудың үздік бағдарламасы»