Қазақстан раушандары: елордада 1000-нан астам жас биші өнер көрсетеді

Халықаралық «Қазақстан-Ресей-Болгария» жобасы аясында VІ Халықаралық «Қазақстан раушандары» хореографиялық өнер сайысы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауқымды шара ұлттардың ұлттық мәдениетін сақтау, дамыту, ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, би арқылы ұлтаралық байланыстарды кеңінен насихаттау мен дамытуды көздейді. 


Биыл сайыста Қазақстан мен Ресейден 30 ұжым бақ сынайды. Қазылар алқасының өкілі Светлана Муранованың айтуынша, жылдар өткен сайын іс-шараның танымалдығы кеңейіп келеді.


«Байқау Астана және Алматы қалаларында үшінші рет өткізілмекші. Бүгін сахнада 7 мен 25 жас аралығындағы мыңға жуық жас бишілер өнер көрсетеді», – дейді Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Светлана Муранова.


«Байқау Астана және Алматы қалаларында үшінші рет өткізілмекші. Бүгін сахнада 7 мен 25 жас аралығындағы мыңға жуық жас бишілер өнер көрсетеді», – дейді Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Светлана Муранова.


Хореографиялық өнер фестивалінің жеңімпаздары халық биі, классикалық би, стильді халық биі, балалар биі, заманауи би, эстрадалық би сияқты бірнеше номинация бойынша анықталады.


Қазылар құрамындағы үш елдің мәдениет және өнер қайраткерлері мен хореография өнерінің кәсіби мамандары бишілердің талантын саралайды. Байқау қорытындысы бойынша, үздік ұжымдар келесі жылдың жазында Болгарияда кездеседі деп күтілуде.


007

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz