Увидеть красоту в необычных деталях

Көркем кесу, көп қабатты суреттер: «Стирая грани» көрмесінен тағы не көруге болады.


Бейбітшілік және келісім сарайында Қанат Нұртазинның алғашқы жеке көрмесі ашылды.  Бұл әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне орайластырылған екінші экспозициясы, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Қанат Нұртазин көкшетаулық жас суретші, ол өз жұмыстарын бояғыш немесе мольберт қолданбай жасайтын бірегей өнер иесі. Кеңістікте дүние тудырып және төсемінің қандай көлемде болатынына алаң болмау автордың басты принципі.


Ағаш, қағаз, пластик, кофе, фотопленка, кинолента осының барлығы суретшінің қолында өнер туындысына айнала кетеді. Ол жаңашылдық бағытта жұмыс жасайды. Ол ерекше техника мен материалдарды пайдалана отырып, әр адам байқай бермейтін әдемілікті береді. Көрмеде суретшінің contemporary art стиліндегі 10 туындысы қойылған. Онда инсталляциялау және интерактивті жұмыс, сондай-ақ фотосуреттер мен карвинг стиліндегі жұмыстар бар.

«Мен үшін өз жұмыстарымды Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында таныстыру үлкен мәртебе. Менің жобам инстаграмдағы парақшамнан басталды, ал қазір түрлі көрмелерге қатысып жүрмін. Өзім жаңа заман өнерін жан-жақты дамыта алатыныма өте қуаныштымын», - дейді көрме авторы.   Өнер иесінің әр туындысының өзіндік сыры бар. Оның жапырақтарға түсірген кескіндерінен күн сәулесі нені салатынын көре білу керек. Қанат өзінің ішкі әлемімен бөліскісі келеді, өзі нені көрсе соны көрермендерге де жеткізгісі келеді. Аталмыш  көрме Бейбітшілік және келісім сарайында 15 қарашаға дейін жалғасады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz