Қазақстандағы алғашқы паралимпиялық жаттығу орталығы қалай жұмыс істейді

Мұнда екі тренер-координатор жұмыс істейді. Мақсат Қадыш – үстел теннисінен спорт шебері, 3 топ мүгедегі, Алиби Халелов – конькиден жарыс спорты бойынша шебер. «Біз қыркүйекте тренер-координаторларымызды Ресейге ЛФК сертификатын алу үшін оқуға жібереміз. Бұл сертификат оларға өздерінің тек қана теннис емес бочча, голбол, флэш хоккей және болашақта дамытқымыз келетін спорт түрлерінен өз секцияларын ашуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді А. Тұрлыбаев.

Орталықта «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ қарамағындағы мүгедек балалар да қайтарымсыз түрде спортпен жаттыға алады. «Жаттығу залында арнайы оқудан өткен инструкторлар бар. Оларды залға бірден жібермейміз, арнайы алгоритмдерді ұстануы керек. Алдымен біздің спорт дәрігері адамның денсаулығын оның анамнезін анықтайды. Әрі қарай өзінің емдеуші дәрігерінен рұқсат алады. Осыдан кейін ғана біз оған рұқсаттама береміз, ол таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін жаттығу залында тегін шұғылдана алады. Бәрі тегін. Орталықта ақылы қызмет жоқ», - деді орталық директоры. Орталықта бір күнде 780 адам спортпен шұғылдана алады, әрбір залда 300-ден 350 адамға дейін сыяды.

Айта кету керек, жаттығу залында дәрігерден рұқсат алғандар тегін айналыса алса, ойын залы мен жекпе жек залында тек паралимпиада спортшылары, паралимпиада спорт түрінен ұлттық құрама және Астана қаласының «Жігер» клубының мүшелері айналыса алады. Спортшылар жаттығу залында да спортпен шұғылдана алады.

«Біздің жуынатын бөлменің артықшылығы мынада, мұнда ештеңені бұраудың қажеті жоқ, кранды басса болды барлығы сенсорлы түрде іске қосылып жұмыс жасайды, сабыннан, фенге дейін, яғни артық күш салудың қажеті жоқ. Барлық жерде тұтқалар орнатылған. Шайынатын жерде мүгедектер үшін арнайы орындықтар бар. Ол 200 кг дейін көтере алады. Балдаққа арналған арнайы ілгіш, «дабыл» кнопкасы бар. Еден тайғанақ болмас үшін арнайы резинамен жабылған. Соның өзінде біз сақтанып кілемшелер сатып алдық», - деп түсіндірді орталықтың мамандары.

Екінші пульт ресепшн-зонада орналасқан. Жуынатын, шайынатын және де саунаның да кнопкалары орнатылған.

Барлық залда тұтқалар, айна, тактильді белгілер, көзі нашар көретіндер үшін жасыл түсті эвакуацияға арналған арнайы жоспар, қол жууға арналған санитайзер, көмекке шақыратын кнопка, орталықтың спорт дәрігері Азамат Нұрмахановты шақыратын пульт та ұмыт қалмаған.

Барлық спорттық құралдар сертификатталған. Осы инвентарда тек жаттығулар ғана емес, әлем чемпионаты деңгейінде де жарыстар өткізе аламыз», - деді спикер. Жекпе жек залының алаңы 400 шаршы метрге жуық. Қазіргі таңда мұнда өзгерістер жасалды – үстел теннисі де орнатылды.

Ойын залының алаңы 400 шаршы метр. Едені қымбат тұратын сырғанақ кілеммен жабылған. Одан басқа мұнда отырып ойнайтын волейбол үшін кәсіби жамылғы төселген. Отырып ойнайтын волейбол, бочча, голбол, арбадағы үлкен теннис – паралимпиадалық 4 спорт түрінің белгілері орнатылған. Мұнда арбадағы бимен де айналысады.

Осы залда сондай-ақ ерекше 3/5 көлемдегі жүгіру жолағы бар. «Бұл жүгіру жолағы кеңейтілген мөлшерде салынған. Оның баламасы Қазақстанда жоқ. Оның ерекшелігі мынада, мұнда тек паралимпиялықтар қана жаттықпайды, ұлттық құрамның да мүшелері келеді. Ол спортшыға талдау жасайды. Яғни осы жерден әлем чемпионы (коньки ролигі немесе шаңғымен) жүгіріп өтсе компьютер оның мәліметтерін есептейді, оның соңынан басқа спортшыны жаттықтырамыз. Жүйе спортшының денесін қалай бүгіп, майыстырғанын, көбіне қайда қарай еңкейгенін яғни оның жаттыққаны туралы толық талдауды береді. Жүгіру жолы 45 градус жоғары көтерілген, бұл велосипедшінің, арбадағы спортшының жаттығуына көмектеседі, кедір-бұдыр көтерілу мен таудан түсуді елестетеді. Оның жүйесіне біз спорт нысанының белгілі бір мәліметтерін проекциялау үшін жүктедік, оның ішінде Медеу де бар, шаңғы ролер, биатлон, арбадағы би, шорт-трек, конькиден жарыс спорты, веложарыстан тестік жүгірулер өткіздік. Жол жұмыс істеп тұр, бәрінің көңілінен шықты», - деді ол.

«Нысан о баста Fitnation деп аталды. 8 айға созылған қайта жөндеуден кейін Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы болып құрылды. Мемлекет басшысының және халықаралық паралимпия комитетінің қатысуымен ресми ашылуы 4 шілдеде болды. Мемлекет басшысының батасын алғаннан соң өзінің қызметін тек паралимпиялықтар ғана емес қаладағы барлық санаттағы мүгедектер де өз жұмысына кірісіті», - дейді Паралимпиада орталығының директоры Асан Тұрлыбаев. Орталықта үш зал бар: жаттығу, ойын және жекпе жек залы. Жаттығу залының алаңы 500 шаршы метр, салмақ түсетін жаттығуларды орындау үшін 40 түрлі құрылғы қойылған. Барлық тренажерлер ерекше күтімді қажет ететін адамдарға лайықталған.

Бірінші қабаттан екінші қабатқа арнайы сатымен көтерілуге болады, ал екіншіден үшінші қабатқа арнайы лифт жеткізеді. Оның ішіне алты мүгедек арбасы сыйып кетеді. Ғимараттың ішінде де пандустар, тұтқалар бар. Орталықта медициналық блок, киім ауыстыратын (ерлер мен әйелдер) жер де бар.

Ресепшннің маңайында көзі нашар көретіндер үшін тактильді мнемосхемада орталық туралы барлық ақпарат Брайл шрифімен ілініп қойылған.

Холлдағы кіре берісте гардероб орналасқан, онда сырт киімді қалдыруға болады. Бұл да екі қабатты, төменгі қабаты арнайы пәс етіп жасалған, арбадағыларға заттарын қоя алу үшін. Гардеробтан әрірек анадай жерде арнайы жәшіктер қойылған. Онда бағалы заттар мен сөкені қалдырады. Осында орталыққа келушілерді ақпараттандыратын, демалыс, асхана, 12 адамға арналған қонақ үй аймағы орналасқан.

Негізгі кіре берісте көзімізге бірден Қазақстанда бірінші рет ашылған мүгедектердің арбасын жуатын орын түсті. Оның авторы - арбада отырып билеу бойынша ҚР құрамының мүшесі Ардақ Атарбаев. Ол бос уақытында жеке кәсіпкерлікпен айналысады (Қызмет көрсету станциясы СТО – авт). Астананың әлемдегі ең суық астана екенін, жыл бойы тоғыз ай жаңбырдың соңы қарға ұласатынын есепке алсақ, бұл бейімделудің маңыздылығы дау тудырмайды.

Орталық қаладағы тіршілігі қайнап жатқан сол жағалаудағы Қараөткел кентінде орналасқан. Ғимаратқа кіре бергеннен ерекше күтімді қажет ететін адамдарға ерекше қамқорлықпен қарайтынын сезінесің: пандустар, үш тілдегі дыбыстық сәлемдесу (қазақ, орыс, ағылшын), тактильді тротуар плитасы, автоматты түрде ашылатын кіретін-шығатын есіктің кнопкасы және тағы басқалар. Мұның бәрі де адамдардың көп әуреге салынбай ғимараттың ішіне кіруі үшін жасалған.

Жазғы және қысқы паралимпиадалық спорт түрі бойынша ұлттық команда құрамы мен спорттық резервтің сапалы әрі кәсіби дайындығына арналған осынау сирек ғимарат туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының директоры Асан Тұрлыбаев айтып берді.

Қазақстанда алғаш рет Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы Астанада 4 шілдеде ашылды. Қазір мұнда ондаған мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің шеберлігін шыңдап, мақсатына жету үшін дайындалу үстінде. Спортшылардың өздері айтпақшы өмірлері 180 градусқа өзгерген, енді олардың мақсатын жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар.

Қазақстандағы алғашқы паралимпиадалық жаттықтыру орталығы қалай жұмыс істейді

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz