Жиі қойылатын сұрақтар

iKomek бірыңғай байланыс орталығы немен айналысады?

Бүгінгі таңда ІKomek бірыңғай байланыс орталығы Астана қаласы әкімдігінің бөлімшелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының 1050-ден астам қызметін көрсетеді. Біздің тарапымыздан 164 түрлі оқыс жағдайда жедел әрекет етудің алгоритмі жасалды, оларды шешу уақыты олардың күрделілігіне байланысты.

iKomek бірыңғай байланыс орталығына қандай өтініштер жолдауға болады?

iKomek бірыңғай байланыс орталығына қала тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері: абаттандыру, тіршілікті қамтамасыз ету қызмететрі, ЕРЦ, ашық құдықтар, қоғамдық көліктер, ПИК жұмысы және басқа да мәселелер бойынша кез келген өтінішті жолдауға болады.

iKomek бірыңғай байланыс орталығы операторларының қызмет көрсету сапасы туралы мәселе туындаса, не істеу қажет?

Егер операторлардың қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, сапаны бақылау қызметіне жүгінулеріңізді сұраймыз:
1. 8 (7172) 556655 (9-00-ден 18-00-ге дейін дүйсенбі мен жұма аралығында);
2. service_ikomek@astana.kz.

iKomek бірыңғай байланыс орталығына тағы да қандай тәсілдермен жүгінуге болады?

1. Telegram-бот: https://t.me/astanaikomek109_bot;
2. 109 нөміріне қоңырау шалу (мобильді және қалалық телефондардан тегін).